Бүгін Оралдағы «Өрлеуде» ҚР халық ағарту ісінің үздігі, математик, білім саласына 40 жылдан аса еңбек сіңірген ардақты ұстаз Қуантқан Ырзаұлы Вановпен кездесу өтті. «Маңғыстау мұғалімі», «Маңғыстау әдіскері» басылымдарының бас редакторы болған ұлағатты тұлғамен кездесуге курс тыңдаушылары мен институт қызметкерлері қатысты.
Дарынды математик, өнертапқыш, қарымды қаламгер, зерттеуші ғалым, ақын-сазгер, «Сегіз қырлы бір сырлы» тұлға еліміздің кемел келешегі үшін жасалып жатқан игілікті істерден тыс қалған емес. Ұзақ жылдар тіл ғылымымен айналысып жүрген зерттеуші ғалым «Қазақ әліпбиінің» өзіндік нұсқасын жасады. Ол өзінің әліпбиіне халықаралық фонетикалық әліпбидің таңбаларын пайдаланды. Бүгінгі кездесуде өзі жасаған оқуға да, жазуға да ыңғайлы әліпби нұсқаларын қатысушылар талқысына ұсынды. Сонымен қатар ұлттық және орфотоп жобалары туралы мұғалімдермен пікір алмасты.


