
Сәуірдің 18-жұлдызынан бастап «Өрлеу»-Павлодар қабырғасында орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімдеріне арналған «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» атты біліктілікті арттыру курсы бастауын алды. Оқытушысы Павлодар филиалының білікті маманы Сарсенова Сауле Кенжетайқызы. Аталмыш іс шара барысында тыңдаушылар теориялық білім алып қана қоймай, көшпелі практикалық сабақтарға (КПС) қатысып та үлгеруде.

Ұстаздар Павлодар қ. Кенжекөл орта мектебінде ұйымдастырылған қатарынан екі мастер-классқа қатысты. Аталмыш білім ордасының мұғалімі А.Дюсенбаев әріптестерімен «Орыс тілі сабағында заманауи сандық технологияларды қолдану» , ал М. Жумабеков пен Н. Камашева «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында бейнересурстар мен интерактивті тапсырмаларды пайдалану» тақырыптарында жинаған тәжірибесімен бөлісті. Қатысушы-мұғалімдер көптеген жаңа ақпаратқа ие болдық деп, ал курс жетекшісі С.Сарсенова аталмыш іс шара жоғары деңгейде өтті деп бөлісуде.
