Кеңейтілген ғылыми кеңес өтті

«АСТАНА-ӨРЛЕУ» ФИЛИАЛЫНДА КЕҢЕЙТІЛГЕН ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС ӨТТІ.
Ғылыми Кеңеске жоғары оқу орындарынан белгілі ғалымдар шақырылып, бірқатар маңызды мәселелер талқыланды. Кеңеске философия ғылымдарының докторы (PhD), «Астана-Өрлеу» институтының директоры А.А. Бекіш төрағалық етті.
Келесі аспектілер талқыланды:
«Ақ желкен» №47 МД мекеме базасында «Балабақшада балалардың танымдық-тілдік қабілеттерін эйдетика әдістемесі арқылы дамыту» тәжірибелік-эксперименталдық алаңның ашылуы. Бұл бағытты «Өрлеу» ҰК» АҚ бойынша филиалы педагогика және пәндік әдістер кафедрасының аға оқытушысы Түсіпова Гүлмайра Өмірбекқызы, Астана қаласы әкімдігінің “Әдістемелік орталығы” мектепке дейінгі білім беру бөлімінің әдіскері Көшен Құндыз Слетақызы, №47 «Ақ желкен» балабақшасының әдіскерлері Сәрсенбаева Гүлмира Байдаққызы, Ақжігітова Марал Оспанқызы ашып көрсетті.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы С.Н. Жиенбаева эксперименттік жұмысты табысты жүргізу үшін педагогикалық зерттеулер әдістемесі бойынша құнды ұсыныстар берді.
Педагог кадрларды даярлау сапасын арттыру жөнiндегi кәсiби ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары туралы филиал директоры А.Ә.Бекіш және филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Астана халықаралық университетінің педагогикалық институтының директоры Ж.Қ. Ахмадиева сөз сөйледі.
Нәтижесінде Ғылым Кеңес қатысушылары бірауыздан барлық шешімдерді мақұлдады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар