2022 жылдың 15 сәуір күні Қазақстан республикасының Президенті Қасым – Жомарт Тоқаев жариялаған “2022 жыл – балалар жылы” аясында «Өрлеу» – Нұр-Сұлтан Кәсіби даму институты және М.Мақатаев атындағы №74 мектеп-гимназиясының бірлесе ұйымдастыруымен Қазақ Ұлттық өнер университеті педагогтарының қатысуымен «Кино сыры» атты шығармашылық кездесу өтеді.
Кездесу қонақтары:
Иманберген Марат Рақышұлы – белгілі қоюшы-суретші, ҚР кинематографиялық өнер және ғылым Ұлттық академиясының және ҚР кинематографистер одағының мүшесі, Қазақ Ұлттық өнер университетінің аға оқытушысы.
Тайшанов Талғат Тұрғанбайұлы – қоюшы-кинооператор, режиссёр, продюсер. ТМД елдері телевизия және радио Еуразиялық академиясының мүшесі. ҚР кинематографиялық өнер және ғылым Ұлттық академиясының мүшесі. Қазақстан журналистер Одағының мүшесі, Қазақ Ұлттық өнер университетінің аға оқытушысы.
Шығармашылық кездесудің мақсаты: «100 фильм» жобасы аясында кино өнері арқылы ұлттық құндылықтарға баулу, оқушыларға мамандық таңдауда бағыт беру.
Кездесуге қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері, оқытушылар және мектеп оқушылары қатысады.
Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы М.Мақатаев атындағы №74 мектеп-гимназиясының мәжіліс залы, Т. Жүргенов көшесі, 29.