“Кино сыры” шығармашылық кездесу

2022 жылы 15 сәуір күні Қазақстан республикасының Президенті Қасым – Жомарт Тоқаев жариялаған “2022 жыл – балалар жылы” аясында «Өрлеу» – Нұр-Сұлтан Кәсіби даму институты және М.Мақатаев атындағы №74 мектеп-гимназиясының бірлесе ұйымдастыруымен Қазақ Ұлттық өнер университеті педагогтарының қатысуымен «Кино сыры» атты шығармашылық кездесу өттi.
Кездесу қонақтары Иманберген Марат Рақышұлы және
Тайшанов Талғат Тұрғанбайұлы – киноны қалай түсіру керек оған қажетті дайындық пен камераны қолданудың алғы шарттарын көрсетті. Оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, универ қабырғасына экскурсияға шақырды.
Шығармашылық кездесудің мақсаты: «100 фильм» жобасы аясында кино өнері арқылы ұлттық құндылықтарға баулу, оқушыларға мамандық таңдауда бағыт беру.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар