КОМАНДАЛЫҚ БІРЛІК – КӘСІБИ ӨРЛЕУ

Атырау қаласындағы «Келешек мектептері» педагогтері үшін команда құруға бағытталған семинар-тренингтер жалғасуда. Кезекті оқу күні №50 жалпы орта білім беретін мектеп ұжымында өтті.

Бұл жолғы «Біртұтас команда – келешек мектеп» тренингін «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтының Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы кафедра меңгерушісі Даулетова Нұргүл Алдабергенқызы жүргізді. Семинарға мектептің 60 педагогі қатысып, белсенді жұмысты қамтамасыз етті.

Тренингтің мазмұны мұғалімдердің командалық дағдыларын тәжірибеде дамытуға бағытталды. Қатысушылар бір-бірін тыңдау, пікір алмасу, ортақ мақсатқа бірігу, рөлдерді тиімді бөлу, шешім қабылдауда әріптесіне сенім арту сияқты қабілеттерін түрлі ойындар мен тапсырмалар арқылы жетілдірді.

Топтық жаттығулар мұғалімдердің бірлесе әрекет етуіне, шығармашылық ойлауына және ұжымдағы психологиялық ахуалды жақсартуға ықпал етті. Педагогтер ұсынылған тапсырмалар арқылы ұжымдағы коммуникацияның маңызын, өзара қолдаудың рөлін және ұйымшыл команданың мектеп мәдениетіне әсерін тереңірек түсінді.

Семинар соңында алынған кері байланысқа сүйенсек, мұғалімдер тренингтің практикалық құндылығын атап өтіп, ұжымдық жұмысқа деген қызығушылығы мен сенімділігі артқанын жеткізді.

«Келешек мектептері» жобасы аясындағы мұндай тренингтер педагогтердің кәсіби дамуына, ұжымдағы ынтымақтастықтың нығаюына және ортақ нәтижеге бағытталған командалық мәдениетті қалыптастыруға зор серпін беріп отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар