Командалық менеджмент – Teambuilding

2023 жылдың 1 наурызында Өрлеу РКДИ аға оқытушысы Жаксылыкова Кенжегүл курстан кейінгі қолдау мақсатында Алматы қаласы №20 жалпы білім беретін мектебінде “Командалық менеджмент” тақырыбында тренинг ұйымдастырды. Тренингке мектеп директоры Сарсенбаева Гулнара, бірлестік жетекшілері және педагогтер қатысты.

Тренингтің алғашқы сессиясында табысты команда құру қажеттіліктерін қалыптастыру, команда мен топтың ұқсастықтары мен айырмашылықтарының ара-жігін ажырату, команданың қалыптасу және даму кезеңдерін зерделеу, тиімді команда құру мен басқарудың стратегиясын меңгеру және тәжірибеде қолдану мәселелері қарастырылды. Қатысушылар тимбилдингтік тапсырмаларды орындап, командалық менеджменттің мектеп үшін маңыздылығын ашатын кәсіби талқылаулар, ашық сұрақтар алаңы, жаттығулар мен ойындарға аса белсенділікпен қатысты.

Іс-шара соңында қатысушылар команда құрудың өзектілігі – ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынастарды қалыптастыру идеясы болып табылатындығына көз жеткізді, “ұжымдық ақыл-ойдың”  қажеттілігін сезінді және ұйымда өзін-өзі дамытатын адамдар неғұрлым көп болса, оның даму деңгейі соғұрлым жоғары болады деген қорытындыға келді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар