2022 жылдың 1 наурызында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ мен Шымкент қаласы білім басқармасының ынтымақтастық бойынша 2022 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарына сай «Білім-Инновация» ер балаларға арналған №1 лицей-интернаты базасында «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы Матекова Бақтыгүл Темірханқызы мен «Білім-Инновация» ер балаларға арналған №1 лицей-интернатының мұғалімі Доган Юсуф «Оқушылардың тұлғалық, адамгершілік қасиеттерін дамыту» тақырыбында 10 сынып оқушыларына командалық оқыту өткізді. Командалық оқыту барысында оқушыларды жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде адамгершілік қасиеттерді дамыту жолдарын қарастырылды.



