Композиция өнері мен бидің сахналық қойылымы – облыс хорегографтарын біріктірді.

Бүгінде цифрлық технологиялар ғасырында пәнаралық интеграция негізінде тұлғаны дамыту тақырыбы облыс хореографтарын біріктірді. Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі тәжірибеге бағытталған семинарға қатысушы педагогтар үшін есігін айқара ашты. Қонақтар үшін мектеп бойынша экскурсия өткізілді, спорт және хореографиялық залдар, костюм бөлмелері, түрлі алаңдар және т. б. көрсетілді.
Зердегүл Зейноллақызы Үркімбаева – Ақтөбе қаласының НЗМ хореографы өзінің жұмыс тәжірибесін, атап айтқанда цифрлық технологиялардың өнерді дамытуға әсерін, хореографиялық қойылымдарды қамту тетіктерін , қазіргі кезеңдегі би тілінің рөлін таныстырды. Семинар спикері психоэмоционалды ерекшеліктерді, белгілі бір қозғалыстарды орындау қабілеттерін және басқа факторларды ескере отырып, әр балаға жеке көзқарас ұсынды. Бүкіл семинар заманауи трендтерді ескере отырып салынды.
Іс-шара салтанатты, жарқын және жылы шыраймен ерекшеленді. НЗМ әкімшілігіне директор Қайырбек Сәбитұлы Буксукбаевқа жоғары кәсібилігімен және шексіз талантымен ерекшеленетін Зердегүл Зейноллақызының жұмыс тәжірибесін таратуға мүмкіндік бергені үшін алғысымызды білдіреміз. Жаңа жарқын іс-шаралар тілейміз және одан әрі ынтымақтастыққа үміттенеміз!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар