Халықаралық сарапшылардан құралған «Өрлеудің» Консультативті кеңесінің алғашқы отырысы өтті

     «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының жанынан құрылған тәуелсіз сараптамалық кеңестің құрамына АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Түркия және Нидерландыдан жетекші ғалымдар кірді. Атап айтқанда,  Уильям Коуп (University of Illinois Urbana-Champaign, АҚШ), Томас Хэрриот (Ifield Community College, Ұлыбритания), Арнольд Брауэр (Research Centre for Examination and Certification, Нидерланд), Роберт Уильямсон (Simon Fraser University, Канада) және Севаль Фер (Hacettepe University, Түркия) және профессор Қайрат Құрақбаев (Nazarbayev University, Қазақстан) бар.

     Кездесуде білім беруде жасанды интеллекттің рөліне баса мән берілді. Сарапшылар педагогтердің жасанды интелекті құралдарын тиімді әрі этикалық тұрғыдан дұрыс қолдану, ұлттық нұсқаулықтардың маңыздылығы, педагогтерді кәсіби дамыту және инклюзивті білім мен ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдаудағы AI әлеуетін атап өтті. Сондай-ақ бағалау жүйесін жетілдіру, мектептегі көшбасшылық пен кәсіби қауымдастықтардың маңызы туралы пікір алмасты.

    Алғашқы отырыс ашық пікір алмасу алаңы ретінде өтіп, сараптамалық ұсынымдар берілді. Бұл ұсынымдар «Өрлеудің» стратегиялық бағыттарын айқындап, педагогтердің кәсіби қауымдастығын жаңа деңгейде дамытуға ықпал етпек.

     Консультативтік кеңестің мақсаты – орталықтың стратегиялық, академиялық және ғылыми дамуын қолдау, негізгі бастамаларды сараптамалық сүйемелдеу, сондай-ақ үздік халықаралық тәжірибелерді енгізуге ықпал ету.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар