Консультациялық әдістемелік десант өтті

2022 жылы 29 наурызда «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Операциялық жоспарына және №45 Базалық ОМ ынтымақтастық туралы Меморандумға сәйкес педагогтарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында практикаға бағытталған консультациялық әдістемелік десант өтті. Жұмыс барысында келесі мәселелер талқыланды:

1. Аттестатталатын педагогтардың жұмысын жүйелеу және қорытындылау. Аттестаттау Ережесіне өзгерістер енгізу.

2. Оқу үрдісінде тренингтік технологияларды қолдану.

Бірінші сұрақ бойынша «Аттестатталатын педагогтардың жұмысын жүйелеу және қорытындылау. «Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ИПҚ әдістемелік сүйемелдеу және курстан кейінгі қолдау зертханасының меңгерушісі Кусаинова А.Т. аттестациядан өтудің негізгі жолдарын ашып, педагогикалық портфолио және тәжірибені жинақтау үшін құжаттаманы дайындау туралы ақпарат берді.

Филиалдың әдістемелік сүйемелдеу және курстан кейінгі қолдау зертханасының әдіскері Клименко Н.А. “Витаминдер” тренингін өткізді, педагогикалық ұжымды Д.Колбаның оқыту моделімен және тренингтік сабақтардың ұйымдастырушылық құрылымымен таныстырды.

Семинарға қатысушылар алған білімдерін жоғары бағалап, кездесудің жоғары кәсіби деңгейде өткенін атап өтті.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар