«Креативті мұғалім – заман талабы»

2022 жылдың 14 маусымда «Өрлеу» БАҰО» Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша филиалы Сауран ауданы, А.Югнаки атындағы ЖОМ арасында әдістемелік сүйемелдеу және келісім шарт негізінде жұмыс жасау мақсатында «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушылары Н.Садирмекова мен М.Мусаевалар «Креативті мұғалім – заман талабы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Мақсаты: креативті педагогтің шығармашылық құзыреттілігін арттыру. Дөңгелек үстел барысында мұғалімдермен әдістемелік сүйемелдеудің жоспарына сай «Креативті мұғалім – заман талабы» тақырыбында баяндама оқып, мектеп ұжымымен сауалнама сұрақтары жүргізілді. Барлығы 30 педагог қатысты. Сауран аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты А.Югнаки атындағы жалпы орта мектебінің директоры Д.П.Файзиева және мектептің директор орынбасарларымен ұйымдастырылған дөңгелек үстел барысында әдістемелік сүйемелдеу арқылы оқыту семинар, вебинар, шебер сынып, ашық сабақ және институттың жоспарына сай педагогтардың кәсіби дамуына бағытталған басқа да шараларды бірлесіп өткізу туралы мәселелер қарастырылды. Сондай-ақ, мектеп әкімшілігі мен мұғалімдері білім сапасын арттыруға бағытталған бірлескен инновациялық жобаларда және пәндік олимпиада, конкурстарда белсене қатысуды өз алдыларына мақсат етті.«Өрлеу» БАҰО АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша КДИФ «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушысы, тренер Н.К.Садирмекова.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар