Критериалды бағалаудың өзекті мәселелері талқыланды

Үстіміздегі жылдың 16 наурызында «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның «Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалының аға оқытушысы  Кулен Фарида Тараз қаласындағы №3 мектеп – лицейдің бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «Оқытудан күтілетін нәтижелерге қол жеткізуді бағалау: критерийлер мен дескрипторларды құрастыру, кері байланыс және рефлексия» тақырыбында семинар-практикум өткізді. Іс-шара барысында педагогтер қалыптастырушы  бағалау процесін жүзеге асыру, тапсырмалар бойынша критерийлер мен дескрипторларды әзірлеу,  кері байланыс пен рефлексияны тиімді ұйымдастыру мәселелерін қарастырды. Сонымен қатар, семинардың практикалық бөлімінде оқушылардың жоғары деңгейдегі дағдыларын дамытуға арналған тапсырмаларды Блум таксаномиясы негізінде әзірлеуге назар аударылды. Семинар соңында қатысушылар өз пікірлері мен ұсыныстарын айтып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта бірлескен жұмыстарды жоспарлады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар