28 наурыз күні Өрлеу – Маңғыстау филиалында «Биология пәнін оқыту барысында оқушылардың зерттеушілік белсенділігін арттыру жолдары» тақырыбында биология пәні мұғалімдерінің қатысуымен вебинар өткізілді. Вебинарға 2023 жылы биология пәні бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен 40 мұғалім қатысты.
Вебинар барысында аға оқытушы Р. Нұрова «Lesson Study – мұғалімнің кәсіби өрлеу жолы» тақырыбында коучинг өткізді. Қатысушылар сабақты зерттеудің маңызы мен ерекшеліктері туралы пікір алмасты.

- 28 Мар
- 2024