Курстан кейінгі қолдау – кітапханашы үшін табыс кілті

Жамбыл облысының мектеп кітапханашыларына курстан кейінгі қолдау көрсету шаралары аясында мектеп кітапханасының жұмысындағы «Facilitated Action Research»   тақырыбында вебинар өткізілді.

Кітапхана ісінің бас маманы И.Грицинина онлайн-конференция барысында ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін ашып көрсетіп, сауалнама әдістерін, әңгімелесулерді, бақылауларды пайдалана отырып, зерттеуді ұйымдастыру бойынша ұсыныстар берді, ақпараттық контент дайындалды, «Facilitated Action Research» нәтижелерін жинау нысандары әзірленіп, ұсынылды.

Кәсіби құзыреттіліктерді жаңарту мақсатында «Мен қандай оқырманмын?»  сауалнамасына қатыстырылған  респонденттермен жұмыс бойынша Тараз қаласындағы №5 мектеп-гимназиясының кітапхана меңгерушісі А.Есентаеваның тәжірибесі көрсетілді.

Қордай ауданындағы Әл-Фараби атындағы орта мектептің мектеп кітапханасының меңгерушісі А.Соспакова «Action Research» әдісі бойынша дөңгелек үстел өткізу тәжірибесімен бөлісті.   

«Оқушының ақпаратын қалай дұрыс қалыптастыру керек?» тақырыбында   әңгімелесу және сауалнама жүргізу тәсілдерін көрсетіп, түсіндірді. Вебинарға қатысушылар «Action Research» және курстан кейінгі қолдау жұмыстарының негізгі мәселелерін талқылады. Қатысушылар іс-шара соңында кітапханашылардың кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша курстар өткізілгені үшін алғыстарын жеткізді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар