Курстан кейінгі қолдау

2024 жылдың 19 қаңтар күні «Психология, инклюзивті білім беру және кәсіби даму» кафедрасының аға оқытушылары Э.Тугелбаева, А.Абубакирова, Э.Азамат және аға әдіскер А.Есенбекова мұғалімдерді курстан кейінгі қолдау мақсатында Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №39 М.Жұмабаев атындағы жалпы орта мектебінде болды. Курстан кейінгі қолдаудың мақсаты – жалпы орта білім беру ұйымдарының практикалық қызметінде бағдарламаның инновациялық əлеуетін барынша іске асыру үшін жағдай жасау. Біліктілік арттыру курстары бойынша сертификатталған мұғалімнің инновациялық тəжірибесіндегі курстан кейінгі қолдауда ерекше назардағы элемент – сыныптағы сабақ. Осы орайда химия пәнінің мұғалімі К.Карпекова «Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептер шығару» тақырыбында 8-сыныпта сабақ өтті. Мектепке барған аға оқытушылар мұғалімдерге жеке кеңес беру аясындағы талқылау кəсіби қиындықтарды атап өтілді. Мұғалімнің нақты «проблемалы аймағы» анықталды. Сонымен қатар мұғалімнің жұмысын қадағалап, сабақтың күшті жақтары мен аспектілеріне тоқталып, педагог стандартының өлшемдеріне сəйкестігін, əрі қарай дамуды жақсартуды қажет ететін бағыттарын айқындап берді. Əдістемелік көмектің маңызды компоненті мұғалімдердің тəжірибесін жетілдіру және оны дамыту мақсатында аға оқытушылар «Қалыптастырушы бағалау: жоспарлау, қолдану, нәтижелерді талдау және кері байланыс беру», «Lessen study – сабақты зерттеудің тиімді жолы» тақырыбында шебер сынып өткізді. Қатысушылардың кері байланысы курстан кейінгі кезеңде мұғалімдерді тренерлік қолдау өзекті екендігін көрсетті.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар