Бүгінгі таңда педагогке жаңа талаптар қойылуда. Қазір қоғам пәндік құзыреттілігі жоғары, уақытын сауатты пайдалана алатын, сенімді ақпарат іздеп, әріптестерімен, оқушыларымен сенімді қарым-қатынас орнатуға қабілетті мұғалімдерді қажет етеді.
Институттың директорының орынбасары Нұрлыбаев Қайсар Көпсажарұлы курс оқып жүрген мұғалімдермен кездесіп, жалпы Өрлеуде орын алып жатқан жаңалықтармен таныстырды. Қайсар Көпжасарұлы келесі 2023 жылына жоспарланып отырған курстар мен іс-шаралар туралы мәлімет берді. Биылғы жылы бастау алған «Мұғалімнің пәндік құзыреттілігін дамыту» курстарының келер жылыда жалғасатынын және бұл курстардың ерекше дайындалғаны туралы айтып өтті. Мысалы, курс бағдарламаларының авторлары кімдер, – деген сұрақ туындады дейік. Аталмыш бағдарламалар жаңа форматта дайындалды, ал олардың мазмұнын мұғалімдерден тұратын «Фокус топтар» анықтады. Сол анықталған мазмұнына байланысты еліміздің барлық аумағынан шыққан тәжрибелі, білікті педагогтар бағдарламалар дайындады
Сонымен қатар, Нұрлыбаев Қ.К. мұғалімдермен оқу бағдарламасының ерекшеліктерін жан-жақты талқылады және курс ұстаздардың білім қоржынын оқытудың жаңа әдістері мен тәсілдеріне толықтыруға көмектесетініне сенім білдірді. Оқушылардың ақыл-ой дағдыларын дамыту үшін оқытуда саралау әдістеріне ерекше назар аударылатын да тілге тиек ете келіп, басқа да жаңа курстар дайындалып жатқаны туралы айтты.
Біліктілікті арттыру курстарын өткен мұғалімдерге кез келген уақытта тренермен байланысқа шығып, курстан кейінгі қолдау аясында көмек ала алатынын ескертті.
Мұғалімдердің оқып жатқан курс туралы пікілерін, ұсыныс-талаптарын тыңдады.
Н. Раймкулова, институттың PR, SMM маманы