2 қазан күні Оралдағы «Өрлеу» Кәсіби даму институтында біліктілікті арттыру курстары басталды. Курстарда орта білім беру ұйымдарының басшылары, орынбасарлары, педагогтері, мектеп-интернат тәрбиешілері, кітапханашылар, химия, ағылшын, тарих пәндерінің педагогтері, білім беру ұйымдарының педагог-ассистенттері, бастауыш сынып мұғалімдері біліктілігін арттыруда.
Сондай-ақ аталмыш курстар Қаратөбе, Жаңақала, Шыңғырлау аудандарында да ұйымдастырылған. Курсқа «Өрлеу» Кәсіби білім беру кафедрасының аға оқытушылары мен шақырылған тренерлер жетекшілік етуде. Пәндік курстармен қатар «Жаһандану жағдайында орта білім жүйесінде этномәдени құзыреттілікті дамыту», «Білім берудегі менеджмент» тақырыбында да курстар өтуде.
Біліктілік арттыру курстары орта білім берудің мемлекеттік пәндік, әдістемелік құзыреттіліктерінің сапасын арттыруға бағытталған.



