17 наурызда «Өрлеу» Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институты филиалының профессорлық-педагогтық құрамы «Курсты сапалы өткізудің мазмұны мен маңызы» тақырыбына семинар өткізді. Семинар барысында қазіргі білім беруді дамытудың нормативтік және психологиялық-педагогикалық аспектілері, білім беру сапасын арттыру ахуалында оқытудың, дамыту мен тәрбиелеудің мазмұны мен әдістерін жетілдіру және педагогтердің IT-құзыреттілігін және цифрлық сауаттылығын дамыту мәселелері талқыланды. Филиал кафедрасының меңгерушісі Хабат М. және аға оқытушы Боранбаева Л.К. , оқу бөлімінің басшысы Исентаеғва К.А. «БК курстарын өткізу жөніндегі құжаттамамен және ЕВDS мен LMS электрондық базасымен танысу» мақсатында тәжірибе жұмысын жүргізді.

- 17 Мар
- 2023