Бүгін, Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының меңгерушісі Меруерт Бисенбаева өзара сабаққа қатысу, тәжірибе алмасу мақсатында Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қайназар ауылындағы орта мектебінде «Дизайн және көркемдік модельдеу саласында мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру» тақырыбында Махмұтжан Жалеловтың ұйымдастыруымен және Жамбыл ауданы, Т. Рысқұлов атындағы орта мектебінде «Мектепалды даярлықтың тәжірибелік және мазмұндық аспектілері» тақырыбында Анаргүл Қайролдаеваның жетекшілігімен өтіп жатқан біліктілікті арттыру курстарына қатысты.
Кафедра меңгерушісі Меруерт Бисенбаева курс тыңдаушыларымен ашық пікір алмасу алаңын жасап, қойылған сұрақтарға жауап беріп, кері байланысын алды.







