28-29 мамыр күндері «Өрлеу» БАҰО» АҚ «БҚО КДИ» филиалы кітапханасының меңгерушісі Индира Маратқызы филиалда өтіп жатқан курс тыңдаушыларына институт кітапханасының қызметі, кітапханаға жаңадан келіп түскен оқу әдебиеттерін ұсынып, «Өрлеу» БАҰО» электронды кітапханасының қызметін таныстырды.
Сонымен қатар, біліктілікті арттыру курсы тыңдаушыларына «Өрлеумен оқы!» жобасын ұсынды. Жобаның мақсаты: курс аясында ұжымдық оқу мәдениетін қалыптастыру.
Жоба ережесіне сай біліктілікті арттыру курсының алғашқы аптасында тыңдаушыларға оқылатын шығарма ұсынылып, курстың екінші аптасында институт базасында біліктілігін арттырып жатқан топтар Zoom конференция арқылы 20 минуттық кездесуде оқыған туындысын қысқаша талдайды.
Жоба аясында оқылатын алғашқы шығарма жерлес қаламгер Мұнайдар Балмолданың «Құдайға телефон соққан бала» әңгімесі.
Ендеше ғибраты мол әңгімені Сізде оқыңыз!



