2023 жылы 17.04-27.04 аралығында «Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің ойын құзыреттілігін дамыту» тақырыбында мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілеріне арналған курс ұйымдастырылуда. Курс барысында тыңдаушылар балалар ойынының заманауи түсінігімен,білім берудегі геймификациялаумен, IТ-құзыреттіліктерін дамытуда мультипликациялық фильмді жасау тәсілдерімен танысты. Ерте және мектеп жасына дейінгі балаларға (соның ішінде ЕЕБҚ бар балаларға) арналған сюжеттік, дидактикалық, ережелермен ойындарды қолдана отырып, педагогикалық процесті жоспарлаудың негізгі идеясын, мектепке дейінгі топтың пәндік-кеңістіктік дамыту ортасын және ойынды ұйымдастырудағы педагогтің рөлін қарастырды. Алда педагогтерді көшпелі тәжірибелік сабақтар, топпен жоба дайындау және қорғау жұмысы жалғасын табады.

- 26 Апр
- 2023