СҚО Қызылжар ауданы «№2 Бескөл орта мектебі» КММ базасында ағылшын тілі пәні мұғалімі Садбаева Гульмерей Сериковна мен «Өрлеу» филиалының аға оқытушысы Ильясова Акмарал Шатиковна серіктестікте «ЗАТТАР ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?» (Жаратылыстану-Ағылшын тілі, 3 сынып) тақырыбында сабақ өткізді.
Ұсынылған кіріктірілген сабақ барысында оқушылар денелер туралы, заттар мен құбылыстардың өзара байланыстары туралы біртұтас мағлұмат алды. Осы тектес сабақтарда оқушылардың бейнелі ой-өрісі дамып, пәннің жалпы мазмұнын өмірмен байланыстыру арқылы шығармашылық мүмкіндіктері ашылады және тілдік мақсатты жүзеге асыруда белсенді оқу тиімді ұйымдастырылады.
«Өрлеу және мектеп серіктестігіндегі сабақ» жобасының ерекшелігі – сабақты жобалаудың жаңа тәсілдерін дамытуға ықпал ететін кәсіби педагогикалық қарым-қатынас форматында өзара әрекеттесу және практик мұғалімдердің тәжірибелерімен бөлісуі.