Кітапхана ісі мамандарына арналған облыстық семинар өтті

Бүгін 2023 жылдың 17 мамыр күні “Өрлеу БАҰО” Атырау филиалының ұйымдастыруымен “Білім алушыны кітап оқуға тәрбиелеудегі мектеп кітапханасының ролі” тақырыбындағы облыстық семинар Маева Гүльсара Жаденқызының жетекшілігімен өтті.

📝Семинардың мақсаты:
Оқырманды кітапханаға тартуда кітапханашының кәсіби құзіреттілігін
арттыру, озат тәжірибелерімен алмасу,
инновациялық идеяларды, жаңа ақпараттық технологияларды,
тәсілдерді қолдану жане талдау.

👩🏼‍🏫Семинар жұмысына қатысушылар:
Қалалык, аудандық
білім бөлімдерінің кітапхана ісі жөніндегі әдіскерлері, мектеп кітапханашылары.

Семинар бағдарламасына сәйкес, іс-шара келесідей тақырыптар бойынша тәжірибе алмасу түрінде өтті:
📙«Ғаламтор – кітапты алмастыра алама?» Дебат.
📗«Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын қалай арттыруға болады?» Коучинг.
📘«Әйел даналығы» Пікірсайыс.
📕«Кітапханалық қызмет көрсетуде бағдарламаларды қолдану әдістері» (кітапханалық бағдарлама).
📓«Маған жаңа ой салған ойшыл кітап»
Шеберлік сынып.
📔Библио саяхат. (Кино әлемі) Топпен жумыс.
📒Көркем әдеби шығармаларды GLEPbook’ әдісі арқылы талдау. Кітап талдау.
📗«Мектеп кітапханасындағы
жұмыстың, дәстүрлі және инновациялық түрлері» Дөңгелек үстел.
📙«Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асырудағы іс-тәжірибелер. Пікірлесу.
📘«Менің оқыған кітабым» READ жобасы аясында.

Бүгінгі семинарымыз өзінің бастапқы мақсатына жете алды деп қорытындылай келе, өз біліктілігін арттырған облыстың түпкір-түпкірінен жиналған кітапхана ісі мамандарымен мол тәжірибе алмасу болды деп есептейміз.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар