Бүгін, Ақтөбе облысы бойынша кәсіби даму институты мен Ақтөбе гуманитарлық колледжі арасындағы меморандум аясында кітапхана қызметкерлері өзара тәжірибе алмасты.
Институт қызметкері Н. Ермекова кітапханалық-ақпараттық КАБИС бағдарламасының электронды каталог, оқырмандарды тіркеу, штрих-код қызмет көрсету мүмкіндіктерімен таныстырды.
Колледж кітапхана меңгерушісі Р. Ескарина кітапханада өтетін Ш. Жиенқұлованың мерейтойына арналған көпшілік шараны ұйымдастыру жолдарын көрсетті.
Кітапхана қызметкерлері «Кітапхана ісі» факультетінің тағылымдамадан өтіп жатқан студенттеріне мамандықты іс жүзінде игеру, теориялық білімдерін тәжірибе арқылы көру, мамандыққа бейімделу тұрғысынан кеңестер берді.
Тәжірибелі мамандардан жаңа озық тәжірибелерді меңгеру, үйрену кітапхана жұмысының алға жылжуына, жаңа деңгейге көтерілуіне көмектеседі.





