Күн дерегі: 1880 педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мемлекеттік тапсырысына сәйкес «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалы 2025 жылдың І жартыжылдығында 80 сағаттық білім беру бағдарламасы бойынша 75 курс өткізіп, 1880 педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Соның ішінде, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша 425 педагог, жаратылыстану-математика бағыты бойынша 480 педагог, бастауыш сынып мұғалімдері 225 педагог, инклюзивті білім беру бойынша 200 педагог және орта білім беру ұйымдарының 400 педагогі біліктілікті арттыру курстарында кәсіби құзыреттілігін арттырды. Орта білім беру ұйымдарының басшылары мен орынбасарларына арналған 6 курс өткізіліп, 150 тыңдаушы біліктілігін арттырды. Сонымен бірге, мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары мен педагогтеріне арналған курста 24 педагог білімін жетілдірді.

Біздің филиалда біліктілігін арттырған әрбір тыңдаушымызға алғыс айта отырып, кәсіби даму мен жетістіктер тілейміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар