ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мемлекеттік тапсырысына сәйкес «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша Кәсіби даму институтында 2025 жылдың сәуір-мамыр айларында 80 сағаттық білім беру бағдарламасы бойынша 68 курс өткізіліп, 1702 педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша 400 педагог, жаратылыстану-математика бағыты бойынша 451 педагог, бастауыш сынып мұғалімдері 225 педагог, инклюзивті білім беру бойынша 200 педагог және орта білім беру ұйымдарының 301 педагогі біліктілікті арттыру курстарында кәсіби құзыреттілігін арттырды. Сонымен бірге орта білім беру ұйымдарының басшылары мен орынбасарларына арналған 5 курс өткізіліп, 125 тыңдаушы біліктілігін арттырды.


