Кәмелетке толмағандардың суицидтік мінез-құлқының алдын алу

2022 жылғы 21 қыркүйекте сағат «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша кәсіптік даму институты қала мектептерінің педагогтары үшін «Кәмелетке толмағандардың суицидтік мінез-құлқының алдын алу» тақырыбында өткізілген вебинарға қала мектептерінен 50-шақты оқытушы қатысты.
Вебинарда Астана қаласының «Өрлеу» БАҰО АҚ КДИ филиалының әдіскері Абдикалова Т.А. «Кәмелетке толмаған балалардың мінез-құлықтарының ерекшеліктері» тақырыбы және «Астана Дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық қолдау орталығының психологиялық қолдау бөлімінің басшысы Капанова Г.К. «Балалар мен жасөспірімдердегі суицидтік қауіп белгілерін тану әдістері» тақырыптарын талқылады.
Вебинар барысында өзіне-өзі қол жұмсауға бейім тұлғаның мінез-құлық ерекшеліктері және жасөспірімге жеке көмек беру бағыты сөз болып, талқыланды.
Оқытушылар мен сынып жетекшілерінің тарапынан қойылған сұрақтарға спикерлер тарапынан жауап берілді. Вебинар нәтижесі бойынша ұсынымдар қабылданды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар