Кәсіби дамуға бағытталған курс

2022 жылдың 20.06-01.07. аралығында Уалиханов ауданында «Бастауыш мектеп пәндерінің күрделі тақырыптарын меңгеру» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсы өткізілуде.

Курс мазмұны педагогтің ақпараттық-коммуникативті құзыреттілігін, кәсіби шеберлігін, креативтілігін дамыту көзделген.

Біліктілікті арттыру курсында семинар, практикалық жұмыстар, демо-сабақты қорғау және кәсібилігін анықтауға бағытталған тест жұмыстары жүргізіледі. Педагогтердің шеберлігін жетілдіру мақсатында шеберлік сыныптарда бірнеше педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісіп, құзыретті маман екендігін көрсете алды.

Курс барысында теориялық материалдармен қамтамасыз етіле отырып, практикалық жұмыстарды орындауда тыңдаушылар белсенділігі байқалды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар