Кәсіби стандарттың жобасы талқыланды

18 қазан күні “Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіби даму институты” филиалының аға оқытушылары Оқу-ағарту министрлігі ұсынған «Педагог» кәсіби стандартының жобасын талқылады. Вебинарда жоба мазмұнымен директордың оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Күміс Байкатова таныстырып өтті.

Оқытушылар жаңа стандарттың қаншалықты қажеттілігі, білім сапасына, педагогке әсері қандай болатындығына пікір білдірді. Сонымен қатар стандарттың педагог біліктілігін арттыру мен үздіксіз кәсіби дайындық мүмкіндіктеріне тоқталды. Біліктілік деңгейлері, еңбек функциялары және кәсіби даму дәрежесі сараланып,  нақты сипаттамасы берілген бұл құжат барлық педагог қауымы үшін маңызды екеніне көз жеткізді.

Қатысушылар кәсіби стандартта көрсетілген педагогтың білімділік, тәрбиелік, әдістемелік, зерттеушілік, әлеуметтік, коммуникативтік 5 еңбек функциясы туралы ойларымен бөлісіп, ұсыныстарын білдірді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар