Кәсіби стандарт талқыланды

Бүгін Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде Оралдағы «Өрлеу» институты қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Педагог» кәсіптік стандарты жобасы талқыланды. Ақпараттық сағатқа колледж оқытушылары мен студенттері қатысты. Басқосуды ашқан колледж директоры Қайырлиева Алтынгүл Жақсығұлқызы жаңа жобаның педагогтер үшін маңыздылығына тоқталып, талқылауға белсенді қатысуға шақырды.

Кәсіби даму институты директоры Измуханбетова Софья Салахиденқызы «Педагог» жаңа буын кәсіби стандартында педагог қызметінің барлық негізгі бағыттары қамтылып, құзыреттілігінің нақты шеңбері айқындалғанын атап өтті. Бұл құжат осы мамандықты таңдаған студенттердің болашағына да бастау болып, кәсіби дамуының бірыңғай бағдарына айналатынын баса айтты.

Директордың орынбасары Байкатова Күміс Ілиясқызы мен Кәсіби даму кафедрасының аға оқытушысы Өтеғұл Гүлмаржан Кәрімқызы кәсіби стандарттың міндеттері мен мазмұны, педагогтің кәсіби құзыреттілігінің өлшемдері мен индикаторларын екі тілде егжей-тегжейлі қарастырып өтті.   Мамандықтың карточкаларын зерделей келе, мектеп мұғалімі бөліміне тоқталып, қатысушылардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Стандартты талқылау барысында түскен барлық ескертулер мен ұсыныстар ескеріліп, құжатты әзірлеушілерге берілетінін жеткізді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар