«Өрлеу» Республикалық кәсіби даму институты курстан кейінгі қолдау жұмыстарын үздіксіз жүргізеді. Себебі, кәсіби қолдау көрсетуге бізбен ынтымақтаса жұмыс жасайтын барлық білім орындарынан сұраныс түседі.
Ағымдағы жылдың 11-қазанында институтымыздың аға оқытушысы Гүлбала Кеніштайқызы №184 мектеп ұжымының тыныс-тіршілігімен танысып, Жол картасы бойынша әдістемелік қолдау көрсетуге барып қайтты. Бірлесіп жұмыс жасау және курстан кейінгі қолдау бойынша жұмыс жоспары жасалынды.
Мектеп басшылығының сұранысы бойынша, педагогтің кәсіби стандартына сәйкес, нормативтік-құқықтық құжаттар негізінде құзыреттілігін, медиасауаттылығын арттыруға әдістемелік көмек көрсетіліп, жүйелі түрде жүргізіліп тұру туралы келісімге келді.
Мектептің педагогикалық ұжымының әлеуеті мен мүмкіндігінше жұмыс кестесіне ыңғайлы уақытты ескеріп, 2023 жылдың қазан айының 18-і күніне шебер сыныбын өткізу жоспарланды.


