Мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамыту, біліктілігін арттыру арқылы жоғарғы сапа мен бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізе отырып, кәсіби дамуын қамтамасыз ету мәселелері – біліктілік арттыру саласындағы басым бағыттардың бірі. Ал мұғалімдердің кәсіби дамуы – оқушылардың білім жетістігіне оң әсер етуші фактор. Оның кәсіби құзыреттілігі – жан-жақты білімімен, ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгеруімен өлшенеді.
Бүгін «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалы мен Б.Момынбаев атындағы №278 IT мектеп-лицейі арасындағы ынтымақтастық шеңберінде «Кәсіби өзін тану және кәсіби қалыптасу» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік семинар өткізілді.
Мектеп-лицей педагогтерін курстан кейінгі қолдау, оқыту мен оқу үдерісін табысты жоспарлаудағы педагогтердің жеке дамуын зерттеу, әдістемелік көмек беру, кәсіби құзыреттілігін дамыту мақсатында ұйымдастырылған әдістемелік семинар барысында филиал тренері Серік Құсейінов мектеп педагогтеріне тренингтер өткізді. Сонымен қатар, тиімді сабақ жоспарлау, оқу-әдістемелік құралдар дайындау, авторлық бағдарламалар жазуға бағыт беріліп, олардың нәтижелерін оқу үдерісіне ендіру жолдары бойынша тәжірибесімен бөлісті.
«Өрлеу» Қызылорда филиалы алдағы уақытта Байзақ Момынбаев атындағы №278 IT мектеп-лицейімен табысты, бірлескен жұмыстар атқаратын болады.


