Кәсіби networking жағдайында педагогтің зерттеу мәдениетін жандандыру.

Бүгін Қожаберген Жырау атындағы №6 мектеп базасында “Кәсіби networking жағдайында педагогтің зерттеу мәдениетін жандандыру”тақырыбында аймақтық диалог алаңы өтті.
Мақсаты- педагогтің педагогикалық практикасын зерттеуді ұйымдастырудың тиімді тәжірибиесін ұйымдастыру мәселелері бойынша педагогтің кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Педагогтің кәсіби құзыреттілігін дамытуға негізделген диалог алаңы – педагогикалық тәжірибені зерттеуге негізделген.
Ұйымдастырылған диалог алаңы – педагогтің зерттеушілік мәдениетін таныту және кәсіби бағдарын негіздеуге орайластырылған.
Іс-шара аясында СҚО «Өрлеу» КДИ» аға оқытушысы Гүлзат Әлжанова «Педагогтерге курстық дайындық және курстан кейінгі жетекшілік етуде ғылыми-зерттеушілік әрекеттерін дамыту жағдайы» тақырыбында педагогтерге курстық дайындық және курстан кейінгі жетекшілік етудегі қадамдар туралы баяндады.
Қатысушыларға педагогтердің тиімді тәжірибесін тарату және жинақтау барысында ғылыми-әдістемелік бағытта мақала жазу аясындағы кемшіліктерін және оқыту семинарында берілетін ұсыныстарға тоқталды.
Диалог алаңы секциялық бағытта жұмыстармен жалғасты. Секциялық жұмыстар қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттар бойынша өрбіді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар