«Кәсіпке бастар жол» жобасы: саналы таңдау жасауға жетелейтін алғашқы қадам

«Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ дарынды балаларға арналған «Ұстаз» мектеп-интернатында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтының оқытушылары оқушылармен кездесу өткізіп, «Кәсіпке бастар жол: саналы таңдау, сәтті болашақ» жобасының таныстырылым-тренингін ұйымдастырды.

Тренинг барысында оқушылар педагог мамандығының қоғамдағы ерекше орны, ұстаздықтың құндылықтары мен жауапкершілігі жайлы мол ақпарат алды. Институт мамандары кәсіби бағдар беру, мамандықты саналы таңдау және тұлғалық даму бағытында тиімді әдістермен бөлісіп, оқушылардың қызығушылығын арттырды.

Шара соңында мектеп-интернаттың 10-сынып оқушылары жоба аясында әзірлеген постерлік жұмыстарын қорғап, «Мен қандай мұғалім боламын?» тақырыбындағы жобалық тапсырмаларын таныстырды. Әр оқушы өз болашақ мамандығына қатысты көзқарасын, құндылықтарын, оқыту стилін және арманындағы сыныбын шығармашылық түрде көрсетті.

Бұл жұмыс жасөспірімдердің кәсіби бағдарын айқындауға, ұстаздыққа деген қызығушылығын арттыруға және болашаққа сеніммен қадам басуына үлкен серпін берді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар