Үстіміздегі жылдың 13 қаңтар күні кәсіподақ комитетінің төрағасы Назира Абдикеримова ұжым алдында 2024 жылы орындалған жұмыстар жөнінде есебін берді.
Кәсіподақ комитеті 7 бағыт бойынша жұмыс жүргізеді:
1.Қызметкерлердің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін ұсыну және қорғау.
2.Ақпараттық жұмыс (ақпараттық-әдістемелік, құқықтық, консультациялық кеңес беру).
3.Қауіпсіз әрі оңтайлы еңбек жағдайларын бақылау.
4.Ұйымдастыру жұмыстары.
5.Сауықтыру жұмысы.
6.Мәдени-бұқаралық жұмыс.
7.Қайырымдылық жұмыс.
Кәсіподақ ұйымының ұжымда қолайлы атмосфералық ахуалды қалыптастыру, әлеуметтік әріптестікті тиімді ұйымдастыру, ұйымның әр мүшесінің шығармашылық және кәсіптік мұқтаждықтарын жүзеге асыру мүмкіндігі бар. Кәсіподақ мүшесі болу бүгінгі күні еңбек ететін әр адамның мұқтажына айналуы тиіс. Бұл тек құқықтық, материалдық қолдау және қорғаныстың кепілі ғана емес. Бұл азаматтық ұстаным көрсеткіші, ұжымдағы қауымдастық пен ынтымақтастық куәсі.
Кәсіподақтың басты қызметі – жұмыс істеуші азаматтардың әлеуметтік еңбек құқықтарын және кәсіптік қызығушылықтарын қорғау болып табылады.