Кәсіптік білім – кәсіпкерліктің бастауы

Қызылорда облыстық оқу орталығы әдістемелік кабинеті мен «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша кәсіби даму институты және «ORDA» жоғары колледжінің ұйымдастыруымен «Кәсіптік білім – кәсіпкерліктің бастауы» атты көрме-байқауы өткізілді. Іс-шара техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлері мен олардың шәкірттері арасында жүргізілді.

Көрме-байқаудың мақсаты – өскелең ұрпақтың көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту, ептілік пен икемділікке дағдыландыру, кәсіп пен кәсіпкерлікке баулу.

Аталмыш шараға арнайы шақырылған «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша кәсіби даму институтының директоры Бауыржан Елеусінов сөз алып, байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Көрме-байқауға И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлы-техникалық жоғары колледжінің, Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінің, Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінің, Қазалы аграрлық-техникалық колледжінің шебер ұстаздары мен еңбексүйгіш шәкірттері өз бұйымдарын ортаға салып, белсене араласты.

Іс-шара екі кезеңнен тұрды: көрме байқау ұйымдастыру және презентация қорғау кезеңі. Презентацияда әр оқушы өз бұйымының жасалу технологиясы, оның сметасын жасау, бизнес-жоспарын дайындау, жарнамалауын көрсету керек болатын. Әділқазылар алқасының төрайымы, Кәсіпкерлер палатасының бас маманы Мадина Қасымжан төрелік етіп, байқау өз мәресіне жетті.

Байқау қорытындысы бойынша 1-орынды «ORDA» жоғары колледжі, 2-орынды И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлы-техникалық жоғары колледжі, Қазалы аграрлық-техникалық колледжі, 3-орынды Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі, Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі иеленді. «ORDA» жоғары колледжі Балалар жылына орай 1 маусым – Балаларды қорғау күні қарсаңында «Нұр» ойын алаңын Қызылорда қаласындағы №5 көру қабілеті бұзылған балалардың арнайы түзету мектеп-интернаты тәрбиеленушілеріне сыйға тарту етті.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар