«Көркем еңбек» пәні бойынша білім беру процесін жобалап, жүзе асырудағы жаңаша оқыту әдіс-тәсілдері бүгінгі өткен облыстық семинарда қарастырылды.
Семинар мақсаты – білім беру сапасын қамтамасыз етуге қойылатын жаңа талаптарды ескере отырып, білім беру процесін жобалау және жүзеге асыру, кәсіби құзыреттерінің деңгейін арттыру.
Семинарда Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназияның мұғалімдері іс-тәжірибелерімен бөлісті. Аталған семинарда көркем еңбек пәнін өткізуде көптеген жаңа технологияларды пайдаланып, оқушының жаңа материалды толық игеруіне баса назар аудару қажеттілігі атап өтілді.
Семинар қатысушыларына және Ғ.Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназия ұжымына педагогикалық шеберлігі мен белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз!







