Ұстаздар үйінде «Көркем еңбек» пәні бойынша оқу үдерісін жобалау және жүзеге асыру» біліктілігін арттыру курсы аяқталды.
Курстың қорытынды бөлімінде Шығыс Қазақстандағы жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдерінің жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды.
Көпшіліктің қызығушылығын тудырған жұмыстардың қатарында Көкпекті орта мектебінің ұстазы Оралбек Бекқалиұлының ұлттық дәстүр бойынша күмістен жасалған әшекей бұйымдары көпшіліктің көңілінен шықты.
Көрмені «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушысы Ажар Ислямова ұйымдастырды.














