Көркем еңбек пәні мұғалімдеріне арналған семинар өтті

Ағымдағы жылдың 10 ақпанында № 96 МГ “Көркем еңбек пәнін оқытудың заманауи тәсілдері”тақырыбында көркем еңбек мұғалімдеріне арналған семинар өтті. Семинарды “Өрлеу “БАҰО” АҚФ Астана қаласы бойынша КДИ кафедрасының аға әдіскері – Асаубаева А.К. ұйымдастырды. Семинардың модераторы – Шалданбай Р.А., Астана қаласы бойынша Өрлеу институтының лекторы, №42 ОМ көркем еңбек пәні мұғалімі болды.
Семинардың бірінші жартысында мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісті, ашық сабақтар көрсетті, сабақтарда әртүрлі цифрлық бағдарламаларды қолдануды үйренді.

Семинардың екінші жартысында қатысушылар шеберлік сабақтарын көрсетті:
– қыш, құмыра жасау;
– интерьер суреттері;
– кілем тоқу;
– зергерлік әшекей бұйымдарын жасау;
– жүн талшығынан бұйымдар жасау;
– бізбен кесте тоқу өнері;
– манекенге бекіту әдісімен киімді модельдеу;
– макраме техникасымен алқа, білезік жасау;
– фрезерь құралы арқылы ағаш бетіне өрнек салу.
Семинар қатысушылар оң кері байланыс берді және семинар жоғары әдістемелік деңгейде өтті. Белсенді қатысушылар «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Астана қаласы бойынша КДИ директораның алғыс хаттарымен марапатталды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар