Көшпелі семинар

Үстіміздегі жылдың 6 сәуір күні Қордай ауданы  № 50 орта мектептің Ресурстық орталығында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған «Педагогтің зерттеу жүргізудегі қажеттілігін негіздеу және оқыту мен оқу әдістемесін жетілдіруде сабақты ресурстармен қамтамасыз ету» тақырыбында көшпелі тәжірибелік семинар өтті. Семинар мектеп директорының ресурстық орталықтың жұмысымен таныстыруынан басталды. Семинар барысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар және дарынды балалардың ақыл-ой және танымдық қабілеттерін жетілдіруге бағытталған оқыту мақсаттарына сәйкес деңгейлік тапсырмаларды дайындау жүзеге асырылды. Практикалық жұмыс оқыту әдістемелері бойынша жүргізілді: «Хикая картасы», «Қабырға рөлі», «Торлы талқылау»  әдіс-тәсілдері арқылы білім алушылармен  тәжірибе жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, қуыршақ театрының орындауындағы «Түлкі мен ешкі» ертегісінің сахналық көрінісі қатысушыларға үлкен ой тастады. Семинар соңында қатысушылар «Сэндвич» әдісі арқылы кері байланыспен аяқтады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар