«Өрлеу»-Павлодар қабырғасында «Мектепке дейінгі ұйым жағдайында ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмысты ұйымдастыру» білім беру тақырыбында (Оқытушысы Г.Жакенова) біліктілігін арттырып жатқан курс тыңдаушылары 24 маусым күні көшпелі тәжірибелік сабақ аясында Павлодар қаласының №33 сәбилер бақшасы ұйымдастырған семинарға қатысты.
Шара барысында мектепке дейінгі білім беру педагогтері «С. Ш дыбыстарын дифференциялау», «Қызықты логика әлемі», «Түрлі-түсті бояулар», «Бағдаршам арқылы кедергілерден өту» атты іс-әрекеттерді тамашалады. Ұйымның тәрбиешілері заманауи ойын — балалардың денсаулықтарын, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда сурет салудың дәстүрден тыс тәсілдерін қолдану, балалардың логикалық ойлау қабілеттіліктерін дамытудың маңыздылығы тақырыптарында баяндамалардыоқып, жиналған педагогтермен ортада талқылады.






Тыңдаушылар семинарды ұйымдастырудың жоғары деңгейін, әріптестерінің кәсібилігін және олармен тәжірибе алмасу мүмкіндігін атап өтті. Практикалық тапсырмалар мен шеберлік сыныптары барлық қатысушылардың қызығушылығы мен белсенді қатысуын тудырды, бұл педагогикалық қоғамдастықта осындай іс-шаралардың қажеттілігі мен маңыздылығын көрсетеді.