Көшпелі-тәжірибелік сабақ – тәжірибе алмасудың тиімді әдісі

2023 жылдың 10 сәуір күні Шымкент қаласы, Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназия базасында «5-9 сыныптардағы информатика пәнінің күрделі тақырыптары бойынша пән мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту»біліктілікті арттыру курсы тыңдаушыларының тәжірибесін арттыру, кәсіби дағдысын дамыту, шығармашылық шеберлігін шыңдау мақсатында көшпелі-тәжірибелік сабақ өткізілді. Шара барысында аталған мектептің шебер мұғалімі, тренер Дайырбеков Жүрсін Сансызбайұлы «Проблемалық жағдаят негізінде оқыту – құзіретті тұлға қалыптастыру негізі» тақырыбында шебер сынып өтті. Бұл үдерісте информатика сабағында оқушыларға проблемалық жағдаятты туғыза отырып білімді өздігінен меңгертуге бағыттау жолдарын мақсат етті. Шебер сынып барысында орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын талдады. Касымова Нурзия Абишевна «Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер» тақырыбында өз тәжірибелесін ұсынды. Сонымен қатар, қатысушылар мектептегі 3D принтерімен ұйымдастырылған жүйелі жұмысты көруге мүмкіндік алды. Шебер-сынып соңында мектеп ұжымы мен курс тыңдаушылары, көшпелі-тәжірибелік сабақтың маңызы зор екенін атап өтіп, ынтымақтастық жалғасын тапса деген кері байланыстарын берді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар