Ағымдағы жылдың 26 сәуір күні курс аясында «Өрлеу»-Орал Кәсіби білім беру кафедрасының аға оқытушысы Алипкалиева Гульфия Бекетовна Жаңақала ауданының педагогтерімен көшпелі тәжірибелік семинар ұйымдастырды.
Аталмыш семинар Жаңақала ауданындағы «Бөбек» бөбекжайы базасында өтті. «Мектепке дейінгі жастағы балалардың ойын әрекеттерін талдау» тақырыбында өткен семинарда ойынның педагогикалық тәрбиелік мәні, ойын іс-әрекетінің әдістемесі, оқыту барысында қолданылатын элементтерін меңгеріп, іс-тәжірибелерімен бөлісті.



