Бүгін еліміздегі мейірім мен жылулыққа толы алғыс айту күні керемет жаңалықпен ұштасты. Өрлеу-Павлодар филиалының «Педагогика және әдістемелік қолдау» кафедрасының аға оқытушысы, әріптесіміз Айман Төлегенқызы Идилуп Павлодар облыстық кәсіподақ ұйымының «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Аталмыш жоғары марапатты Павлодар облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Гүлбарам Науразбаева табыстады.
Көп жылдар бойы Айман Идилуп еңбек жолында өзін тек біліктілігі жоғары дәрежелі қызметкер, облыс пен республика деңгейінде педагогтер арасында сый құрметке ие маман ретінде ғана емес, сондай-ақ өзін кәсіподақ ұйымының белсенді, жан-жақты мүшесі ретінде көрсете білді. Ол комитет құрамында болып қана қоймай, 2015-2019 жылдар аралығында институтымыздың кәсіподақ комитетінің төрағасы да болды.
Құрметті, Айман Төлегенқызы, алар асуыңыз бен шығар шыңдарыңыз көп болсын! Қуанышыңызға шын жүректен ортақпыз!