11 қараша күні Ақтөбе-«Өрлеуде» жаһандану мен жаңғырудың алғышарттарының бірі болып табылатын жаңа қазақ әліпбиі туралы сөз қозғалып, ел болашағы үшін қабылданған маңызды шешім латын графикасы жайлы ғалымдар мен тіл мамандары ой бөлісті.
Дөңгелек үстел жұмысында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының жетекші ғылыми қызметкері, ф.ғ.к. Н.М.Рсалиева жетілдірілген әліпби құрамымен таныстырды, әліпбидің жасалу тәртібін, қазақтың төл әріптерін белгілеуге алынған таңбалардың ұсынылып отырған жобасын түсіндірді. Ақтөбе облыстық Тілдерді дамыту басқармасының бас маманы М.Мырза латын графикасына көшудің ұтымды тұстарын назарға алып, sozdikqor.kz, tilqural.kz, emle.kz сайттары, оларды қолданудың жолдарына шолу жасады.
Іс-шара барысында облыстың тәжірибелі педагогтері – А.Ж.Бисембаева, М.М.Отарбаева, Л.К.Наубетова, М.А.Оралбаева /Ақтөбе қаласы, №61 ЖББОМ/, Г.У.Сулекенова /Ақтөбе қаласы, № 56 ЖББОМ/, Қ.Ю.Шалабаева /Ақтөбе қаласы, №5 ЖББОМ/, Б.К.Искалиева /Қарғалы ауданы, «Бәйтерек» бөбекжай-балабақшасы/, Н.Р.Жумабекова /Ойыл ауданы, Ш.Бекмұхамбетова атындағы МГ/ рухани жаңғырудың темірқазығына айналған жаңа әліпбидің әлеуметтік, рухани, мәдени маңызы жөнінде ой-пікірлерін ортаға салды.
Іс-шара модераторы, әдіскер, магистр М.Т.Адилханова дөңгелек үстел жұмысын қорытындылай келе, талқы¬лау барысында алға қойыл¬ған маңызды мәселелердің негізгілерін атап өтті.