Алматы қаласы Түрксіб ауданы №84 жалпы білім беретін мектебінде «Мектеп магистрлерінің ғылыми білім беру ортасын құрудағы іс-әрекетінің заманауи жүйеленген алгортимі мен перспективалық жолдары» атты қалалық семинар өтті. Семинарға Түрксіб ауданы Білім бөлімінің басшысы Жомартбай Г., Алматы қалалық Білім Берудегі Жаңа Технологиялардың ғылыми-әдістемелік Орталығының өкілдері Сайлыбаев А. және Мухамадиева Х., Өрлеу РКДИ аға оқытушысы Іркітбай Ғалым, сондай-ақ Түрксіб аудандық мектептерінің директорлары мен магистрлері қатысты.
Бағдарламаның әр бөліміне байланысты негізгі іс-шара бөлек семинарларға бөлінді. Әр магистрдің ғылыми диссертациялық жұмыстарының тақырыптары және мектептегі әрекеттері арасындағы байланысты көрсету мақсатында ұйымдастырылған семинар барысында магистрлер өздерінің жетекшілік ететін шығармашылық клубтарының жұмыстарымен, TikTok-тағы контенті мен желі бағыттарымен таныстырып, тәжірибелерімен бөлісті.
Қатысушылар өткізілген семинарларға жоғары баға беріп, кері байланыс жасады. Қалалық магистрлер клубын құру, магистрлер курсын ұйымдастыру, мектептер арасындағы магистрлердің жұмысын жандандыру бойынша сынды ұсыныстар да келіп түсті.


