Мамандық таңдауға бағыт-бағдар берілді

Мамандық – бұл әрбір адамның сүйіп, әрі қуана жасайтын ісі, оның ертеңгі болашағы. Әр адам мамандығын өзі таңдауы және оған құрметпен қарауы керек. Себебі мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді.

  Міне, осындай мақсатпен 4 мамыр күні «Өрлеу»-Орал Кәсіби даму институтының директоры, п.ғ.к. Измуханбетова Софья Салахиденқызы қаладағы №37 ЖОББМ-тің жоғары класс оқушыларымен кездесті.

Аталмыш шараға мектеп директоры Жумагалиева Алтын Ғиниятқызы  және  жоғары класс оқушылары қатысты.  Институт директоры «Мен бұл мамандықты неге таңдадым?» тақырыбында өткен кездесуде адам өмірінде мамандықтың алатын орны, мамандықтың түрлері, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білу бағытында ақпарат берді.

Сондай-ақ шарада жоғары сынып оқушыларына бүгінгі таңда еліміздегі үлкен сұранысқа ие, әлеуметтік маңызы бар, техникалық жағынан қажеттілігі жоғары мамандықтар туралы ақпараттар айтылып, оқушылар өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, жауап алды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар