Филиал директоры, п.ғ.д., профессор Лаура Искакова Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында білім беру сапасын арттыруға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Алғыс хаты және «AMANAT» партиясының Төрағасы Е.Қошановтың «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Лаура Тұрлыбекқызы, берілген мәртебелі марапатыңыз құтты болсын! Еліміздің білім беру саласын дамытуда біліктілікті арттырудың жаңа деңгейге көтерілуіне сүбелі үлестеріңіз еселенсін, жеткен жетістіктер мен тың жаңалықтар мол болсын!

- 23 Янв
- 2023