2022 жылдың 5 қазанында «Өрлеу» Қарағанды филиалы «Математиканы оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбында облыстық семинар өткізді.
Семинардың мақсаты: Алгебра және анализ бастамалары курсының қиын тақырыптарын оқытуда математика мұғалімдерінің пәндік және әдістемелік құзыреттіліктерін дамыту бойынша тәжірибе алмасу. ҚжәнеГББМ кафедрасының аға оқытушысы Б. Н. Бигельдинова «Оқыту сапасын арттыру контексінде математика мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін жетілдіру» атты баяндама жасады.
Теміртау қаласы “№ 14 мектеп – лицейі” КММ математика пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Е.А. Воронцова «Логарифмдік теңдеулерді шешу әдістері» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді. Қарағанды қаласының “№ 32 ЖББМ” КММ мұғалімі Г. Р. Рахимова айнымалыны ауыстыру әдісімен интеграциялау кезінде оқушылардың қиындықтары бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Теміртау қаласының “№ 19 ЖББМ ” КММ мұғалімі В. М. Смольникова семинарға қатысушыларды бірлік шеңбердің көмегімен тригонометриялық теңсіздіктерді шешу идеясымен ынталандырды. Семинарға қатысушылар Қарағанды қ. “№ 2 ЖББМ” КММ мұғалімі С.М. Сайбулатова өткізген «Оқушылардың бөлік бойынша интегралдау әдісін қолдану кезіндегі қиындықтарды жеңу жолдары» тақырыбында шеберлік сабағын қызығушылықпен қабылдады. Абай ауданының “Дзержинск ОМ” КММ мұғалімі Т.Н. Васютина Z буын өкілдерінің WЕВ-квест технологиясы арқылы математикалық сауаттылығын қалай дамыту туралы сұраққа жауап берді.
Семинарға қатысушылар іс-шара мазмұнының қанықтығын, практикалық бағыттылығы мен өзектілігін атап өтті, өз тәжірибесін дамытудың жаңа тиімді мүмкіндіктерін анықтады.